"Ольгинка негізгі мектебі" КММ Қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

"Ольгинка негізгі мектебі" КММ

Қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 (01.03.2023 ж. № 56 өзгерістермен) бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің (бұдан әрі – қағидалар) 8-тармағын орындау үшін арнайы, мамандандырылған Білім беру ұйымдарында, жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қағидалардың 10-тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарының, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесінің құрамына:

1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллелінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

Қағидалардың 9-тармағына сәйкес Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттар ұсынады:

1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі  туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 9-29 қыркүйегі аралығында.

Анықтама телефоны: 87153451754

Дата публикации: 20.09.2024