Тәуелсіздік белгісі-ел нышандары

4 маусымда Қазақстан айтулы мереке – Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. Мемлекеттің рәміздері – оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің бұлтартпас айғағы. Еліміздің негізгі заңында әрбір азаматтың Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны, Мемлекеттік Әнұранды құрметтеуге міндеттілігі туралы айтылған.

2023 жылдың 31 мамырында «Ольгинка негізгі мектебі» КММ-де «Тәуелсіздік белгісі-ел нышандары» атты музей сабағы өтті, оның барысында байқаулар мен викториналарға қатысқан балалар мемлекетіміздің тарихындағы Мемлекеттік рәміздердің маңызын ашты.

 

Дата публикации: 31.05.2023