- ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІ
- БІРТҰТАС ТӘРБИЕ
- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
- Терроризмге қарсы әрекет
- Мектепте тамақтану
- ҚАМҚОРЛЫҚ КЕҢЕСІ
- Мемлекеттік қызметтер
- ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАР
- ӨЗІН ӨЗІ БАҒАЛАУ
- Адал Ұрпак
- ЖЕТІСТІКТЕР
- Мини-центр «Ұшқын»
- ЭЛЕКТРОНДЫ СЕНІМ ЖӘШІГІ
- Кітапхана
- МЕКТЕП ПАРПЛАМЕНТІ
- ЛЕТО-2023
- Психологиялық қызмет
- ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
2024 жылдын 9 кыркуйегінде мектеп асханасында бракераж комиссиясының мүшелерімен бөлігтерді өлшеп, дәмін татты. Тексеру барысында: тағамдар бекітілген мәзірге сайкес келеді. Бөліктер мәзірлерге және оқушылардың жас қажеттіліктеріне сейкес келеді.
Оқушылардың тамақтану сапасын бақылау комиссиясының жұмыс жоспары
Дұрыс тамақтану
2-сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың назарын денсаулық пен ұзақ өмір сүру құндылықтарына аудару, балалардың салауатты өмір салтын ұстануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету.
Дұрыс тамақтанудың он ережесі
3-сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтанудың он ережесі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Біздің денсаулығымыз - біздегі ең құнды нәрсе. Өмір бойы адамға бір ғана ағза беріледі. Егер адам кейбір заттарды абайсызда ұстаса, оларды ауыстыруға болады, бірақ біз өз денемізді алмастыра алмаймыз.
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
«Ольгинска негізгі мектебі» КММ-де 4-сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтанудың он ережесі» тақырыбында сынып сағаты өтті.Дұрыс тамақтанудың он ережесі.
Мақсаты: оқушылардың дұрыс тамақтану туралы, адам үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дұрыс тамақтанудың он ережесі
«Ольгинска негізгі мектебі» КММ-де 4-сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтанудың он ережесі» тақырыбында сынып сағаты өтті.Дұрыс тамақтанудың он ережесі.
Мақсаты: оқушылардың дұрыс тамақтану туралы, адам үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дұрыс тамақтану туралы сөйлесейік
4 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану туралы сөйлесейік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Неліктен тамақ тамақтанудың негізі екенін білу».
Дұрыс тамақтану – адам денсаулығының кепілі, ал денсаулық – бақыттың негізі. Өте дұрыс айтылған: бақыт үшін тек денсаулық жеткіліксіз, бірақ денсаулықсыз шынайы және толық бақыт болуы мүмкін емес.
Меню блюд горячего питания
Мониторинг качества питания
2022-2023 оқу жылына оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру туралы
Тамақтану сапасы жөнiндегi комиссияны кұру туралы
«Мектеп асханасы» республикалық алдын алу iс-шара
жөнiнде пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамасымен облыстың барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде ү.ж. 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу iс-шарасы өткiзiледi.
Осы iс-шараның аясында қарастырылады:
- жұртшылықты экперттiк топтардың (ата-аналар, «Нұр Отан» партиясының, «Адал алаңы» жобалық кеңсесiнiң, ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттiк органдар және т.б.) қызметiне қатысуға мiндеттi түрде тарта, халықты БАҚ арқылы кең ауқымды ақпараттандыра отырып, ведомствоаралық сараптамалық топтардың (бұдан әрi — ВСП) қызметiн жандандыру;
- тамақтану сапасын бақылау бойынша iс-шаралар өткiзу;
- қолданыстағы заңнамаға перспективалық мәзiрдi сәйкес келтiру;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және саласындағы қолданыстағы заңнамалардың, конкурстық құжаттаманың талаптарын бұзатын қызметтердi, тауарларды жеткiзушiлерге т. б. тиiстi шаралар қабылдау.
Жоғарыда аталған барлық шаралар оқушыларды сапалы және теңгерiмдi тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша
2014 жылдан бастап депутаттар бастамасы және мектеп директорларының ұсынысымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен тауарларды таңдау, тамақтандыру сапасына әсер ететiн демпингтiк бағалар болуына, сонымен қатар директорлардың тiкелей бақылау мүмкiндiгi болмауынан, мемлекеттiк сатып алулар жүйесiнен алынды.
Бүгiнгi күнi орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымдарда, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және бiлiм алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз ету Ережелерi әзiрлендi (БҒМ 31.10.2018ж№598 бұйрығы).
Оқушылардың сапалы және қауiпсiз тамақтандыруын ұйымдастыру мақсатында Ережелерде бiлiктi қызметкерлерi бар (жұмыс тәжiрибесi, аспаздар квалификациясы, технологтар мен диетологтар, азық-түлiк өндiрiсi, энергия үнемдегiш құрылғыларының болуы), қызметтi дұрыс ұйымдастыра алатын жалға алушыны таңдау критерийлерi қарастырылған.
2018 жылдан бастап азық-түлiктi дұрыс сақтау, дайын тағамдардың сапасын арттыру үшiн мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк механизмi енгiзiлдi.
Сонымен қатар, Ережелер бойынша конкурстық комиссия құрамына үкiметтiк емес ұйым және ата-аналар қоғамы, қорғаншылық комитетi, аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау органдарының өкiлдерi кiредi.
Ереже бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруда табиғи өнiмдердi қолдану үшiн жалға алушылардың азық-түлiк өндiрiсiнiң (шаруа немесе шаруа қожалығы, жылыжайжәне т.б.) болуы және отандық өндiрушiлер тауарларын сатып алуы үшiн қосымша балл алады.
Тағамдардың, азық-түлiктердiң және аспаздық өнiмдердiң тұтынушылық, органолептикалыққасиеттерi, дайындау және технологиясы мен өндiрiстiк жағдайлары балаларға арналған азық түлiк қауiпсiздiгi тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерiне сай болуы қажет.
Келiсiмшартты бұзу немесе дұрыс орындамау жағдайында, келiсiмшарт сот шешiмi бойынша бұзылып, жалға алушы жосықсыз деп жарияланады (БҒМ 31.10.2018ж №599 бұйрығы).
2015 жылы оқушыларды сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлiк пен Қазақ тағамтану академиясы бiрiгiп, алғаш рет мектеп оқушылардың жас ерекшелiктерi ескерiлген бiр реттiк тамақтандыру нормалары (ҚР Үкiметiнiң 12.03.2012ж. №320 қаулысына өзгерiстер енгiзiлдi) әзiрлендi.
Аталған нормаларда балалар ағзасына қажеттi микронутриенттер: дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтер алуы қарастырылған.
2018 жылы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар бiлiм беру ұйымдары оқушыларын дұрыс тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бiрыңғай стандарттарын әзiрледi.
2019 жылдан бастап Министрлiк бiлiм беру ұйымдарының тамақтандыруды ұйымдастыруына нысанға бармай-ақ бақылау iс-шараларын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, камералық бақылауды енгiздi.
Сонымен қатар, Министрлiк Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, конкурстық рәсiмдердi мемлекеттiк сатып алулар порталы арқылы жүргiзетiн электрондық форматқа ауыстыруды қарастыруда.
Бүгiнгi күнi қызмет көрсетудi мектеп қызметкерлерi, сондай-ақ ата-аналар қауымы тарапынан заңды түрде тұрақты бақылау мүмкiндiгi қарастырылған. Әрбiр мектепте тамақтандыруды бақылау комиссиясы қызмет етедi. Комиссияны мектеп директоры басқарып, құрамына мектеп медбикесi, педагогтар, ата-аналар комитетi мүшелерi, қамқоршылық кеңесi кiредi.
Ереже бойынша жалға алушы ай сайын бiлiм беру ұйымы басшысына сапасын куәландыратын құжаттары бар қолданылатын азық-түлiк тiзiмiн тапсыруы тиiс.
Күнделiктi медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргiзiп, тағамдар және аспаздық өнiмдерге органолептикалық бақылау журналына жазба жүргiзедi.
Осылайша, оқушылардың тамақтану сапасына мектеп әкiмшiлiгi тарапынан әсер етуге қажеттi мүмкiндiк жасалған. Аталған мәселеде бiлiм беру ұйымы басшысының (бракеражды комиссия төрағасы) жауапкершiлiгi жоғары.
Сондықтан, Министрлiктiң мектептегi тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттырудағы негiзгi қызметi — бракеражды комиссияның тамақтандыру сапасын бақылау қызметiне ақпараттандыру жұмысын кең көлемде ұйымдастыру. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда не iстеу керектiгiн түсiндiру.